Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, Ю.Пя Президентке жұмыс істеп тұрған орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспары туралы айтты. Аталған жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Қазақстан Президенті орталықтың дамуына ұдайы қолдау көрсететінін айтып, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қолжетімді ете түсудің өте маңызды екенін атап өтті.