National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

2019 жылғы 30 мамыр

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің ахуалы жөнінде есеп берілді.

Бас Прокурор Қазақстан Президентіне қылмыс деңгейінің төмендегенін және қылмыстық үдерістегі азаматтардың конституциялық құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстың жекелеген түрлеріне қарсы күрес туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді енгізу, сондай-ақ, тексерулерді тағайындау үдерісін автоматтандыру барысы туралы мәлімделді.

Мемлекет басшысы қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтіп, азаматтардың құқығы прокурорлардың ерекше назарында болуы тиіс екенін айтты.

– Прокуратура органдары әлеуметтік және басқа да мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаржысын жұмсау барысында заңның қатаң сақталуына қол жеткізуі қажет. Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Қазақстан Президенті қадағалаушы органның алдына басқа да бірқатар міндеттер қойды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің