Мемлекет басшысы жапондық сауда компаниясының табысты қызмет атқарып жатқанын атап өтіп, Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысатынына ризашылығын білдірді.
– Біздің Жапониямен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі ынтымақтастығымызға биыл 25 жыл толды. Біз осы аралықта қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейтіп әрі нығайта алдық. Соның ішінде, екіжақты тиімді сауда-экономикалық байланысымыз артты. «Марубени» компаниясы Қазақстан нарығында 1993 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шигеру Ямазоэ Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың негізін салған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратынына сенім білдірді.
– Біз 30 жылға жуық Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеміз. Осы аралықта біз инфрақұрылым, энергетика, көлік салаларына араласып, Нұр-Сұлтан қаласының әуежай құрылысына да қатыстық. Сонымен қатар, біз 2007 жылдан бері екі ел достығының символы іспеттес – «Хорасан» жобасына да қатысып келеміз, – деді Шигеру Ямазоэ.