National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді

2013 жылғы 13 қараша

 

Мемлекет басшысы министрдің Қазақстанға сапарына ілтипатын білдіріп, оның екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан географиялық және климаттық өлшемдері жағынан, сондай-ақ экономикалық құрылымы жөнінен көп жағдайда Канадаға ұқсас. Тәуелсіздік жылдары біз екіжақты қарым-қатынастың белсенді дамуына мүдделі болдық. Мысалы, бізде ауыл шаруашылығы саласында өте қарқынды ынтымақтастық қалыптасып келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Канаданың сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ықпалдастығын нығайтуға ықпал ететініне сенімін білдірді.

Өз кезегінде Б.Бэрд қабылдау үшін алғыс айта келіп, өзінің Қазақстанда болуы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға жаңа серпін беретінін айтты.

– Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы шартқа қол қойылуын тағатсыз күтудеміз. Мен бұл ынтымақтастығымызды дамытудың негізгі ұстынының бірі болады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласында, оған жаңа технологияларды енгізу бағытында атқарылған жақсы жұмыстар бар. Біз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделіміз. Сондай-ақ, біз саяси және дипломатиялық өзара ықпалдастыққа зор көңіл бөлеміз, – деді Д.Бэрд.

Канада сыртқы істер министрі Астанаға қатысты таңданысын білдіре келіп, жаңа елорданың құрылысы болашақ ұрпақ үшін лайықты мұра болатындай жарқын жетістік екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің