National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

2019 жылғы 28 ақпан

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев Есеп комитетінің тарапынан бюджет қаражатына үнемі бақылау жүргізудің және оның тиімді игерілуіне мұқият талдау жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Есеп комитетінің негізгі міндеті – мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуын қадағалау. Сіздердің алдарыңызда бақылау ісінен аудитке көшуге байланысты жаңа міндеттер тұр, – деді Елбасы.

Есеп комитетінің төрайымы республикалық бюджеттің тиімді жұмсалуына аудит жүргізу барысы және осы саладағы әлемдік тәжірибені зерттеу нәтижелері жөнінде мәлімдеді.

– Біз тиімділік аудитіне көшу жұмыстарын жалғастыра береміз. Былтыр жалпы сомасы 430 миллиард теңге қаражатқа байланысты тәртіп бұзушылық анықталды. Егер бухгалтерлік есепсіз нақты қаржылық тәртіп бұзушылықты алсақ, оның мөлшері 16 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 70 миллиард теңге болған еді. Осылайша, қаржылық тәртіптің жақсара түскені байқалады, – деді Н.Годунова.

Есеп комитетінің төрайымы мемлекеттік және салалық бағдарламалар бюджетінің тиімділігіне жүргізілген бағалау нәтижелері жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, жалпы экономикалық және қаржылық жоспарлау сапасын арттыру үшін Үкіметпен бірлесіп қабылдаған шаралар туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Есеп комитетіне «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде мәлімделген әлеуметтік бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің