National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады

2021 жылғы 11 наурыз

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңес жұмысының басты бағыттары және оның алдағы даму перспективалары туралы баяндалды.

Атап айтқанда, Бағдат Әміреев Мемлекет басшысына ұйымның алдағы уақытта өткізетін жоғары деңгейдегі іс-шараларына дайындық барысы, Түркі кеңесінің тиімді халықаралық ұйым ретінде рөлін арттыру жұмыстары, сондай-ақ, Кеңес қызметінің экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды бағыттары жайында айтты.

Президент Кеңестің түркітілдес мемлекеттер арасындағы интеграцияны нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның экономикалық бағыттағы жұмысын күшейте түсуге мән берді. Осы ретте Мемлекет басшысы Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызды екенін атап өтті. Бұл Кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің