Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұйымның қазіргі жұмыстарының негізгі бағыттары, соның ішінде биыл қазан айында Бакуде өтетін Түрік Кеңесінің саммитіне дайындық барысы туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға маңызды үлес қосып келе жатқан Кеңес аясындағы өзара ықпалдастыққа Қазақстанның дәстүрлі түрде зор мән беретінін атап өтті.