National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьникпен кездесу

2013 жылғы 05 желтоқсан

 

В.Школьник Мемлекет басшысының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиялық даму бағдарламасын, сондай-ақ ядролық-отын циклы, химиялық индустрия мен жаңартылатын энергетика саласындағы ірі индустриялық және инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық компанияның бірқатар бағыттар бойынша, атап айтқанда, атом стансалары үшін құрастыру өндірісімен,  баламалы энергетика және сирек кездесетін кен өнімдерімен байланысты қызметін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысы Мемлекет басшысын Қазақстанның әлемдік өндірудің 37 %-ын қамтамасыз ете отырып, әлемдегі уран өндіру саласында көшбасшылық позициясын  ұстап келе жатқаны жайында хабардар етті. Бұл ретте компания қаржылық орнықтылығы мен даму қарқынын сақтап, инвестициялық бағдарламасы мен әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындап келеді. 2010 жылдан бері әлеуметтік саланың дамуына 37 млрд.-тан астам теңге бөлінген.

Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті жаңартылатын энергетика және сирек кездесетін кен өнімдерін өңдеу саласындағы компанияның қызметінде жаңа инновациялық технологияны қолдану жөнінде нақты тапсырмалар берді.       


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің