Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіне де қатысты пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Сербия Республикасымен сындарлы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Қарым-қатынастарымызға тың серпін бере аламыз деп санаймын. Бүгін бизнес-форум өтеді, онда елдеріміздің іскер топтары өзара тығыз байланыстарды жолға қоя алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Т.Николич Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді және Астананың ауқымды даму қарқыны өзін тәнті еткенін айтты. Сербия Президенті сондай-ақ Қазақстан халқын «Астана» футбол клубының УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуіне байланысты құттықтады. Кездесу соңында Т.Николич Нұрсұлтан Назарбаевқа Сербия Республикасының Орденін тапсырды. Мен бұл орденмен Сізді елдеріміздің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін ғана емес, өз халқыңызға жасап жатқан игіліктеріңіз үшін және Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттарын сақтаудағы табандылығы үшін марапаттап отырмын. Сіз – әлемдік ауқымдағы, сирек санаттағы көшбасшысыз, – деді Сербия Президенті.