National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Астанаға ресми сапармен келген Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен кездесті

2015 жылғы 28 тамыз

 

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіне де қатысты пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Сербия Республикасымен сындарлы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Қарым-қатынастарымызға тың серпін бере аламыз деп санаймын. Бүгін бизнес-форум өтеді, онда елдеріміздің іскер топтары өзара тығыз байланыстарды жолға қоя алады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Т.Николич Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді және Астананың ауқымды даму қарқыны өзін тәнті еткенін айтты.

Сербия Президенті сондай-ақ Қазақстан халқын «Астана» футбол клубының УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуіне байланысты құттықтады.

Кездесу соңында Т.Николич Нұрсұлтан Назарбаевқа Сербия Республикасының Орденін тапсырды.

Мен бұл орденмен Сізді елдеріміздің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін ғана емес, өз халқыңызға жасап жатқан игіліктеріңіз үшін және Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттарын сақтаудағы табандылығы үшін марапаттап отырмын. Сіз – әлемдік ауқымдағы, сирек санаттағы көшбасшысыз, – деді Сербия Президенті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің