National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Чех Республикасының Сыртқы істері министрі Любомир Заоралекпен кездесті

2016 жылғы 21 қараша

Кездесуде мемлекетаралық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ бүгінге дейінгі қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.

Қазақстан Президенті екі ел арасында достық қарым-қатынастың қалыптасқанына тоқталып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Чех көшбасшысының Қазақстанға 2014 жылғы сапары кезінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі шаралар белгіленгенін айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы өткен ғасыр соңындағы екі мемлекет тәуелсіздігінің нығаю жолдары ұқсастығына назар аударды.

– Чех Республикасы мемлекеттілігінің жеңіл қалыптасу үрдісін бірегей құбылыс деп атауға болады. Еуропадағы экономикалық қиындықтарға қарамастан  елдеріңіз қазіргі уақытта қарыштап дамып, Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Л.Заоралек Қазақстан Президентіне Чехия Президенті М.Земеннің хатын табыстады және оның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің