Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық IT саласындағы негізгі трендтер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бизнестің белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.