Кездесу барысында Елбасыға Ә.Исекешев елорданың биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, қала әкімі Қазақстан Президентіне әлеуметтік маңызы бар нысандар және өзге де ғимараттар құрылысының кезеңдері, оларды іске қосуға әзірлік барысы туралы мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев негізгі нысандарды іске қосудың белгіленген мерзімін сақтау қажеттігін, сондай-ақ құрылыс сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.