National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады

2020 жылғы 05 қазан

Президентке интернет байланысының, әсіресе, ауылдық жерлердегі сапасы мен қолжетімділігін арттыру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын трансформациялау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіру жұмыстары туралы министрліктің есебі берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инновациялық экожүйені қалыптастыру жолдары, аэроғарыш саласын дамыту, сонымен қатар, экспортқа шығарылатын бәсекеге қабілетті өнім әзірлеу үшін IT саласы бойынша кәсіби мамандар даярлау жоспары жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы білім беру платформасын дамытудың, қашықтан білім беру үдерісіне техникалық тұрғыдан көмек көрсетудің, мемлекеттік қаржылай қолдау шараларын электронды оқулықтар мен цифрлық білім беру ресурстарын дамытуға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинге мемлекеттік қызметті пайдалану кезінде биометрия тетіктерін енгізу, цифрландыруды басқару жүйесіне реформа жүргізу, «Зерде» холдингінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру  жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет басшысы радиотолқындарды бөлудің ашық тетіктерін енгізуді тапсырды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің