Кездесу кезінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Минскіде өтетін алдағы отырысының күн тәртібінің негізгі мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті мемлекеттер басшыларының жоспарланған кездесуінің маңыздылығын, онда интеграциялық құрылымдар аясында бұдан арғы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасылатынын атап өтті. В.Христенко Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ комиссияның өз сарапшыларының үлкен тобы жұмыс жүргізіп жатқан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың әзірлену барысы туралы баяндады.