Кездесуге Австрия Республикасының экс-федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польша Республикасының бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, сондай-ақ Италия Республикасының бұрынғы Премьер-министрі әрі Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Романо Проди қатысты. Әңгіме барысында Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіне қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды.