National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановпен кездесті

2014 жылғы 02 сәуір

 

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайындық мәселелері талқыланды.

Е.Тоғжанов сессия жұмысына еліміздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысатынын баяндады. Сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, шет мемлекеттер дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады.

Бұған қоса, Төрағаның орынбасары өңірлік Достық үйлерін дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу және Ассамблеяның құрылуының 20 жылдық мерейтойына дайындық барысы туралы хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен 2014 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласында өтеді.      


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің