National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

2015 жылғы 09 қыркүйек

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Елбасыға ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының негізгі мақсаттарын айқындайтын даму стратегиясын бекіткенін баяндады.

Қазақстан Президенті экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін компанияның салалық емес активтерінен арылуы қажеттігін айтты.  

Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңіндегідей жекешелендіруді батыл жүргізу керек. Тікелей қызметке – уран өндірісіне ден қойып, қалған активтердің бәрін жеке меншікке беру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы өндірісті әртараптандыру мен ядролық отын циклының барлық буынына ену, сондай-ақ тиімділікті арттыру, компанияны, соның ішінде өндіру кәсіпорындарын трансформациялауды жүргізу даму стратегиясының негізгі басымдықтарына жататынын айтты.

А.Жұмағалиев стратегияны жүзеге асыру «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының құнын арттырып, оның әлемдік уран өндірісі нарығындағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің