С.Мыңбаев Мемлекет басшысына ұлттық компанияның 2015 жылғы қызметінің қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады. Кездесуде өндірістік-қаржы қызметі мәселелері қозғалып, компанияны дамытудың негізгі бағыттары бойынша дағдарысқа қарсы шаралар талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.