National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті

2019 жылғы 22 қыркүйек

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 11-12  қыркүйекте Қытайға барған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары мен жасалған келісімдері талқыланды. Сонымен қатар, қазақ-қытай  жан-жақты стратегиялық  ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен  даму перспективалары жайлы әңгімелесті.

Ли Чжаньшу Қазақстан Президентіне үлкен құрмет көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шынайы сәлемін жеткізді.

– Төраға Си Цзиньпин Сізді мемлекетті басқару ісінде өз көзқарасы бар, өзара қарым-қатынасымыздың стратегиялық маңызын терең түсінетін, тәжірибесі мол саясаткер ретінде жоғары бағалайды. Сондықтан екі елдің көшбасшылары арасында өте маңызды келіссөздер өтті. Сіздің еліңіз бізге жақсы дос, Сіз де байланыстарымыздың дамуына зор үлес қосып отырсыз, - деді Ли Чжаньшу.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы егемендік құқықтарды өзара құрметтеуге, айнымас халықаралық қағидаттарға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамуға негізделген достық байланыстарды атап өтті.    

– Шын мәнінде, біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жөнінде маңызды, іргелі келісімдер жасалды. Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы мәңгілік стратегиялық сипатта. Бұл келісімдерге Сіздің де қосқан үлесіңіз орасан. Елімізде маңызды іс-шараға қатысасыз. Сізге сәттілік тілеймін! - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.    


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің