National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

2020 жылғы 02 қазан

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ, Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрінің есебін тыңдады. 

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-көлік авиациясы мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің