National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

2020 жылғы 05 қараша

Президент – Қарулы Күштердің  Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі даму бағыттары жөніндегі баяндамасын тыңдады. Бұл ретте қазіргі әскери қақтығыстардың тәжірибесі сөз болды.

Кездесу барысында Қазақстан армиясының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдірудің перспективалары және әскерді ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сияқты заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықаралық әскери ынтымақтастық пен бітімгершілік іс-қимылдардың ахуалы туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери қызметшілердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндалды.

Жоғарғы Бас қолбасшы талқыланған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің әскери алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді. Жиында 2020 жылғы әскери дайындықтың қорытындылары жасалып, алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер айқындалады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің