National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

2013 жылғы 21 қараша

 

Қ.Келімбетов Ұлттық Банк қызметі, сондай-ақ елдің банк секторының қазіргі ахуалы мен одан әрі даму перспективалары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты туындап отыратын қатерлерге талдау жасау, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Ұлттық Банк төрағасы ақша-несие саясатының негізгі өлшемдері болжамды шегінде сақталып отырғандығынан хабардар етті. Ол қаржы нарығында немесе оның жекелеген сегменттерінде қатерлер туындаған жағдайда Ұлттық Банк қолданылып отырған әдістерге икемді  түзетулер жасауға ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Қ.Келімбетов 2013 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 4,9 % деңгейінде қалыптасқанын мәлімдеді. Жыл басынан бері елдің халықаралық резервтері Ұлттық қор активтерін қосқанда 7,3%-ға жетіп, 92,4 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Бұған қоса, Ұлттық Банк төрағасы Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына беру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуы туралы айтты. Бұл жұмыстың 2014 жылғы 1 сәуірге дейін аяқталатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесін тұрақтандыру және экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.       


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің