National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады

2013 жылғы 30 қазан

 

Кездесу барысында А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру барысы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның әзірленуі туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы мен азаматтарымыз үшін қажетті барлық көлік инфрақұрылымдарын жетілдіру мақсатында бағдарламаны әзірлеу кезінде кешенді көзқарастардың қажеттігіне назар аударды.

А.Жұмағалиев жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылыс барысы, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Батыс және Орталық – Шығыс бағыттары бойынша автожолдарды дамыту жайында әңгімелеп берді.

Әзірленіп жатқан бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға дейін 30 мың шақырым автожолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, 260 сервис нысанын, қалаларда 10 автовокзал, аудан орталықтарында 50 автостанса және ауылдарда жолаушыларға қызмет көрсететін 216 қосын салу, сондай-ақ барлық теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, әуежайларды қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы көлік логистикасының тиімділігін одан әрі арттыру және көлік инфрақұрылымдарын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ қаралған өзге де мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің