National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевты қабылдады

2013 жылғы 20 мамыр

 

Е.Орынбаев Қазақстан Президентін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру, денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалардың,  сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті. 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарын іске асыруға бақылауды күшейтудің қажеттілігін атап өтті.

- Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысы, еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу тәрізді маңызды мәселелерге көңіл бөлген жөн. Тағы да бір басым сала ауылдық елді мекендерді дамыту болып саналады. Тек ауылдағы медициналық және фельдшерлік пункттердің, емдеу амбулаторияларының және өзге денсаулық сақтау нысандарының құрылысы үшін мемлекет қомақты қаражат бөледі, - деді Қазақстан Президенті.  

Осы орайда, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесіндегі және жекеменшік медицина институтын дамытудағы реформаны іске асыруды одан әрі жалғастырудың тиімділігіне талдау жасау қажеттігіне тоқталды.

Бұдан басқа, Қазақстан Президенті отандық ғылымды одан әрі дамыту, зерттеу институттарын қалыптастыру, сондай-ақ, тәжірибе және жаңа технологиялар алмасу үшін олардың халықаралық ғылыми бірлестіктермен интеграциялануының маңыздылығын атап көрсетті.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы одан әрі дамыту және оның жай-күйіне мониторинг жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.      


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің