National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы Абдалла Әл аш-Шейхті қабылдады

2014 жылғы 26 қыркүйек

 

Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ оны әрі қарай дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып саналатындығына тоқталды.  

- Корольдік біздің елімізге тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап екіжақты саяси іс-қимыл тұрғысынан да, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық арқылы да қолдау көрсетіп келеді. Сіздің елдің көмегімен Астанада бірқатар ғимараттар салынды, бұл біздің екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастардың көрінісі болып саналады. Қазақстан Корольдікпен түрлі салаларда, соның ішінде сауда-экономика саласында ынтымақтастықты бұдан әрі дамытуға дайын, - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Абдалла Әл аш-Шейх Елбасының қабылдауына ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстан Президентімен төртінші рет кездесуі екенін айтты. Ол ТМД мемлекеттері ішінде айрықша орынға ие біздің еліміздің қарқынды дамуына назар аударды.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы екі елдің арасында ынтымақтастықты кеңейтуге болатын бірқатар перспективалы салалардың бар екенін де атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің