Д.Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталып өтті. Елбасы шағын және орта бизнес субьектілеріне, сондай-ақ баспана құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де назар аударды. Д.Ақышев экономиканың нақты секторын қаржыландыру шаралары елдің даму қарқынына оң әсерін тигізуі қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.