15 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин келеді. Мемлекеттер басшыларының Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығын екіжақты деңгейде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында талқылауы жоспарланған. Сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылатын болады. 16 қазанда Қазақстанның төрағалық етуімен ТМД Мемлекет басшылары кеңесі өтеді. Кездесуге қатысушылар террорлық қатерге қарсы бірлескен іс-қимылдың, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің, Достастыққа мүше мемлекеттердің күштік органдары ынтымақтастығының негізгі жайттарын қамтитын тақырыптар топтамасын талқылайды деп жоспарланып отыр.