National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипемен кездесті

2017 жылғы 10 маусым

Мемлекет басшысы Испания Королі VI Фелипені Қазақстанға бірінші рет ресми сапармен келуімен құттықтады.

– Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания біз үшін жақын ел болды. Ұлы тарихы мен мәдениеті қалыптасқан Испаниямен достық қарым-қатынаста болғанымызды мақтан тұтамыз. Осы ынтымақтастықтың негізі Король І Хуан Карлостың тұсында қаланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жан-жақты қолдауы, сондай-ақ халықаралық аренадағы ниеттестігі үшін алғыс айтты. 

– Сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төраға болуымызға, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымызға қолдау білдірдіңіздер. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі жалғастыруға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.

Испания Королі Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, елімізді халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің ашылуымен құттықтады.

– Менің сапарымның Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің таңғажайып ашылу рәсіміне тұспа-тұс келуі – зор мәртебе. Сізді осындай ұлы оқиғамен құттықтаймын, – деді VI Фелипе.    

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің