National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті

2016 жылғы 15 қараша

Кездесуде Мемлекет басшысының Сербияға биылғы тамыздағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Сербия біздің республиканың Еуропадағы маңызды серіктесі болып саналатынын және экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін жеткілікті әлеуеттің бар екенін атап өтті.

– Қазақстанда Сербияның 24 кәсіпорны тіркелген, алайда оның қазір тек 15-і жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге, Сербия бизнесінің Қазақстанда табысты жұмыс жүргізіп отырғанының көрсеткіші ретінде метрополитен, кеңселер және банк ғимараттары құрылысына атсалысып отырған компанияны атап айтуға болады. Ең алдымен экономикалық ынтымақтастықты жалғастырып, оны арттыруға мүмкіндіктің бар осыдан-ақ екенін көруге болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметімен Сербия тарапының жүргізетін жемісті келіссөздері, бұл елдің алдағы бірлескен бизнес-форумға қатысуы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Сербия компанияларын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы мен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға белсене қатысуға шақырды.

– Сіздер әлемнің үздік оқытушыларының басын қосып, білім берудің жетекші дәстүрлерін ұштастырған Назарбаев Университетінде боласыздар. Университет студенттердің білім алуы үшін заманауи үздік материалдық-техникалық құрылғылармен жабдықталған, оқу орнының ең басты мақсатының бірі – мемлекеттік міндеттерді тиімді іске асыру үшін жоғары деңгейдегі кадрлар даярлау, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сербия Премьер-Министрі қонақжайлық танытқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, еліміз бен Астананы дамытуға оның зор үлесі қосқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, А.Вучич экономиканың түрлі саласындағы Қазақстанның даму тәжірибесі Сербия үшін пайдалы екенін айтты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің