National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады

2016 жылғы 14 қазан

Кездесу барысында Елбасыға Ә.Исекешев елорданың биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуге және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, қала әкімі Қазақстан Президентіне әлеуметтік маңызы бар нысандар және өзге де ғимараттар құрылысының кезеңдері, оларды іске қосуға әзірлік барысы туралы мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев негізгі нысандарды іске қосудың белгіленген мерзімін сақтау қажеттігін, сондай-ақ құрылыс сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің