National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Еуразия экономикалық қоғамдастығының Бас хатшысы Тайыр Мансұровпен кездесу

2014 жылғы 12 наурыз

 

Кездесу барысында ұйымның қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің іске асырылу жайы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттердің интеграциялық құрылымдар аясындағы көптарапты өзара ықпалдастығының негізін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдердің технологиялар мен бизнес саласындағы тиімді ынтымақтастығына септігін тигізетін интеграциялық институттар қызметінің жемісті нәтижелеріне назар аударды.

Т.Мансұров ұйымның алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер халықтарының мүдделері үшін экономикалық интеграцияға қол жеткізуге бағытталған жұмыс туралы айтты.

Бас хатшы Мемлекет басшысының бұдан 20 жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында мемлекеттердің Еуразиялық одағын қалыптастыру туралы алғаш ұсынған бастамасы посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияға негіз қалағанын атап көрсетті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің