С.Мыңбаев Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның 2016 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады. Кездесуде компанияның өндірістік-қаржылық және әлеуметтік саладағы қызметіне, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруына қатысты мәселелер қарастырылды. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардың іске асырылу барысы, соның ішінде Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттыру, Қашағандағы алғашқы кезеңдегі жұмыстар, Қарашығанақ кен орнын дамытудың перспективалары жөнінде айтылды. «ҚазМұнайГаз» АҚ басшысы мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, компания өндірген және өңдеген мұнай көлемінің арта түскенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.