National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті «Rothschild & Co» компаниясының басшылары Эрик де Ротшильдпен, Клаус Мангольдпен және Джованни Салветтимен кездесті

2017 жылғы 01 қараша

Мемлекет басшысы «Ротшильд» компаниясының қаржы секторындағы жұмыс тәжірибесі мол және халықаралық беделі биік екенін атап өтті.

– «Ротшильд» компаниясы – әлемдегі ертеден келе жатқан ірі қаржы институттарының бірі. Сіздердің жеке капитал салымшылармен жұмыс жөніндегі тәжірибелеріңіз мол. Бұл тәжірибе біздің еліміз үшін де маңызды. Сол себепті қазір Қазақстанның Ұлттық банкіне кеңес беріп отырсыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Эрик де Ротшильд Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, еліміздің қарқынды дамып келе жатқанына қызыға қарайтынын жеткізді.

– Бұл – менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Соңғы екі күндегі әсерлерім өте жақсы. Сіздің арқаңызда болашақта еліңіз жоғары қарқынмен дамитын болады. Қазақстан географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан. Ол Азия мен Еуропа арасындағы көпір болып саналады. Сіздің экономиканы әртараптандыруға, өнеркәсіпті дамытуға және шикізаттық экономикадан бас тартуға жетелеген үрдістерді айқындай алған көреген қадамыңыз мені тәнті етті, – деді компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің