National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ағымдағы даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2013 жылғы 04 ақпан

Кеңеске Премьер-Министр Серік Ахметов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бақыт Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев қатысты.

Кеңесте банк секторының, зейнетақы реформасының жай-күйі және мұнай-газ саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген және «Қазақстан-2050» Стратегиясында қарастырылған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев банк жүйесіндегі сыртқы қарыздарды төмендету жөнінде бірқатар шара қабылданғанын және бұл үдерісті жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті зейнетақы жүйесінің тиімділігін аттыру үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігін айтты, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі бұдан кейінгі қадамдарды анықтау керектігіне тоқталды. 

Кездесудің қорытындысы бойынша өткен брифингте Ө.Шөкеев қайта құрылымдау жүргізудің және өзге іс-шаралардың нәтижесінде «БТА Банк» АҚ-ның сыртқы қарызы 9 млрд. доллардан 750 млн. долларға дейін қысқарғанын, қаржы институттарын басқарудың жаңа жүйесі құрылғанын атап  өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы биылғы жыл ішінде «БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Темірбанк» АҚ банктерінің капиталынан шығуды тапсырды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаралған жұмыс бағыттары аясында бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің