National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады

2016 жылғы 14 шілде

 

Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті жылу беру маусымына уақытылы әрі сапалы дайындалудың маңыздылығын да атап өтті.

Ақмола облысының әкімі биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша нақты сектор салаларында өсім көрсеткіші қамтамасыз етілгенін айтты. Айталық, өнеркәсіп саласында өндірістің нақты көлем индексі  106,5%-ке жетіп, республика бойынша көшбасшы көрсеткішке айналды.

С.Кулагиннің айтуынша, Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 62 жоба 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген. Жыл аяғына дейін тағы 20 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Ауыл шаруашылығында мал басы мен құстың өсімі қамтамасыз етіліп, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғайды. Өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 4,2 миллион гектар болса, соның 3,8 миллион гектарына астық егілген.

Қазақстан Президентіне Астананың айналасында «азық-түлік белдеуін» дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іске қосу жоспарланып отырған бірқатар жаңа жобалар туралы да баяндалды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің