National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысын өткізуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2014 жылғы 27 мамыр

 

Жиынды ашқан Мемлекет басшысы осы аптада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою жоспарланып отырғанын айтты.

– Біз жиырма жыл бойы экономикалық интеграция бағытында ілгеріледік. Осы уақытқа дейін орасан жұмыс атқарылды. Енді сол жұмысымыздың бекер болмағанын, қол қойылған шарттың халық игілігіне арналғанын іс жүзінде дәлелдеуге тиіспіз. Еліміз ұзақмерзімді болашаққа жоспарланған бұл одақтан пайда көреді. Біз шартқа  экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан қол қоюға ұмтылып отырмыз. Атап айтсақ, біздің еліміздің теңізге шығатын жолы жоқ екенін ескеру керек, мұны және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті көршілеріміз қамтамасыз ететін болады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті.  

Мемлекет басшысы көршілерімізбен тығыз экономикалық байланыс Қазақстанның дамуына оң әсерін тигізетіндігін атап өтті.

– Біздің елімізде шығарылған тауарлар Ресей мен Беларусьтің нарықтарында бәсекеге түсуі тиіс. Қазақстан тауарларының, капиталының, жұмыс күшінің еркін қозғалысы, бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ байланыстарды күшейту – осының бәрі еліміздің экономикасына пайдасын тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Премьер-Министр К.Мәсімов өз баяндамасында шарттың жобасы Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес дайындалғанын және онда аса маңызды бірнеше мәселе қамтылғанын мәлімдеді.

– Одақ біздің елімізге қазіргідей турбулентті экономика жағдайында тұрақты әрі орнықты даму үшін зор экономикалық мүмкіндіктер береді. Бұл шартта көпвекторлы саясат жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Осы одаққа қатысудан бөлек, біз ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді және өзге де халықаралық бірлестіктермен келісімдер жасауды жалғастырамыз, – деді Премьер-Министр.

К.Мәсімов жалпы құжаттың 4 бөліктен, 28 бөлімнен, 118 баптан және 32 қосымшадан тұратынын да атап өтті.  

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев бүгінгі таңда Үкіметтің тиісті қаулысын келісімдеу мен қабылдаудың мемлекетішілік рәсімдері аяқталғанын мәлімдеді. 

– Шарт жобасы тәуелсіз сарапшылардың сараптамасынан өтті. Сіздің ұстанымыңыз бен тапсырмаларыңызды басшылыққа ала отырып, шарт жобасымен жұмыс барысында экономикалық емес ережелер алынып тасталды. Келіссөздер барысында біз одақты саясиландыруға және оның аясында ұлттық өкілеттілік пен мемлекеттік егемендік мәселелерін талқылауға болмайтындығы туралы ұстанымды қорғап қалдық. Сіздің нұсқауларыңыз бен тапсырмаларыңыз жүзеге асырылғанын, шарт жобасы тараптармен келісіліп, қол қоюға дайын екенін тағы бір рет атап өткім келеді, – деді Б.Сағынтаев.

Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов шарт жобасының институционалдық бөлігінде егемендікті, аумақтық тұтастықты, әрбір мүше-мемлекеттің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу, сондай-ақ шешім қабылдаудағы консенсус қағидаттары қарастырылғанын айтты.

– Одақ органдарында мүше-мемлекеттер өкілдерінің конкурстық негізде тең болуы қамтамасыз етілді. Бұл шарттың өзге халықаралық шарттарды жасауға кедергі келтірмейтіні айрықша маңызды. Институционалдық бөлікте туындаған барлық түйткілдер жойылды, – деді Е.Ыдырысов.

 

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің