National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесті

2017 жылғы 14 тамыз

Қырғызстанның Премьер-Министрі кездесуге мүмкіндік тудырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің табысты өтіп жатуына орай құттықтады.

– Сізге Қырғыз Республикасына көрсеткен қолдауыңыз үшін алғыс айтамын. Біз Сіздің және ел Үкіметінің деңгейінде бауырлас Қазақстанның қолдауын әрдайым сезініп келеміз, – деді С.Жээнбеков.

Қазақстан Президенті мемлекеттер басшыларының өзара қарым-қатынасы емес, халықтарымыздың тарихи жақындығы мен олардың бір-біріне деген сенімі екі ел арасындағы ынтымақтастық негізін құрайтынын атап өтті.

– Біз – көршілес әрі бауырлас халықпыз. Мен әрдайым Қырғызстан болашағының жарқын болуы үшін мүмкіндігінше қажетті қолдау көрсететін боламын. Экономикалық тұрғыдан даму үшін саяси тұрақтылықтың болуы маңызды. Біз әрдайым қырғыз халқымен біргеміз. Қырғызстанда президент сайлауы болғалы жатыр. Қырғыз халқы сайлаған Президентпен бірге жұмыс істейтін боламыз, – деді Мемлекет басшысы.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің