National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2014 жылғы 30 маусым

 

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов, Ақмола облысының әкімі С.Кулагин, сондай-ақ қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты.

Кеңес барысында елорданың айналасында жасыл аймақ қалыптастыру жұмыстарының қазіргі ахуалы мен бұдан арғы перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы 1997 жылдан 2013 жылға дейін отырғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құрағанын, соның шамамен 15 мыңы қала аумағында, қалған 55 мыңы қала сыртында екенін атап өтті.

– Астана-Щучинск автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа ағаш егілді. Мен бір кездері алынып, әлі күнге дейін пайдаланылмай жатқан жерлердің бәрін сол аумақтарда ағаш егу үшін қайтарып алуға тапсырма бердім. Біздің міндетіміз – қаланың өзінде және оған жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру және оны сақтау. Ресурс болған жағдайда, Астананың айналасындағы жасыл аймақты Бурабай бағытындағы орманмен қосуға болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентіне «жасыл аймақ» тұжырымдамасын дамыту перспективалары туралы баяндалды, оның бірінші кезеңі аясында 2020 жылға дейін жасыл желек аумағын 100 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Екінші кезеңде қазіргі ағаш көшеттері арасындағы бос жерлерге ағаш отырғызу арқылы Астананың жасыл аймағын тығыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа екпе орманның жалпы алаңын ұлғайту, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында демалыс аймағын құру, сондай-ақ Астана-Щучинск көлік жолы бойын, Вячеслав су қоймасы мен «Қарабидайық» қалдық су жинақтаушысының айналасын жасыл желекпен көмкеру жұмыстарының барысы туралы баяндалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің