National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар

2015 жылғы 06 шілде

 

Мемлекет басшысы атына Қазақстанның барлық өңірінен және шет елдерден құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсуде.

Мәселен, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, сондай-ақ ТМД ПАА кеңесінің бас хатшысының орынбасары – ҚР Парламентінің ТМД ПАА және ҰҚШҰ Парламент ассамблеясындағы өкілі Х.Бакенов Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, оның өмірі өз еліне және халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі екенін айтқан.

«Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудағы елеулі табыстармен, халықаралық аренадағы елдің орнының нығаюымен айшықталған қазіргі Қазақстан тарихының тұтас дәуірі Сіздің есіміңізбен байланысты. Сіз әрдайым Достастық кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің дамуының, ТМД-ға мүше мемлекеттердің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық өзара ықпалдастығының табанды жақтаушысы болдыңыз», – делінген хатта.

Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Т.Мансұров Қазақстан халқы өзінің әл-ауқаты мен болашағын Көшбасшысының жемісті қызметімен байланыстыратынын атап өткен.

«Сіздің пассионарлық ерік-жігеріңіз бен зор халықаралық беделіңіз мерейлі жеңісі Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы болған бүгінгі еуразиялық интеграцияның табысты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Қажымас қызметіңізге жаңа да жарқын жетістіктер, ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық, бақыт және бақуаттылық  тілеген шынайы тілегімізді қабыл алыңыз», – делінген хатта.

Жылы лебізді құттықтауын Польшаның бұрынғы президенті А.Квасьневский де жолдап, Мемлекет басшысының туған күн мен Астана күнінің сәйкес келуі Қазақстанның жаңа тарихы мен табыстарының Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасымен ажырағысыз байланысын айшықтайтынын атап өткен.

«Тәуелсіздік декларациясы, мемлекеттіліктің нығаюы, жан-жақты экономикалық даму, саяси және қоғамдық тұрақтылық Сіздің президенттігіңіздің фирмалық белгісі болып саналады. Күрделі халықаралық жағдайда, ұлттық сын-қатер және қауіпсіздік үшін қауіп көп кезеңде бұл дегеніңіз керемет жетістік. Еуропада және әлемде соңғы ширек ғасырда болған тарихи өзгерістердің деңгейі мен маңызын, сондай-ақ ол өзгерістер үшін мүмкіндік пен жағдай туғызу ісіндегі Сіздің ерен еңбегіңізді  түсінетін менің елімде және Еуропаның көп елінде мұны мойындайды,», – делінген хатта.

Польшаның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық, табыс тілеп, Қазақстанның барлық халқының өсіп-өркендеуі үшін бұдан әрі де белсенді бола беруіне ниеттестік білдірді.

ГФР-дың бұрынғы Президенті Х.Кёллер де Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық және Мемлекет басшысының ел игілігі үшін қабылдайтын барлық шешімдеріне даналық тіледі.  

Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша Қазақстан халқына өзінің ең ізгі тілектерін Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Т.Блэр жолдады.

Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Хамитовтың құттықтауында мемлекеттік қызметтегі орасан мол тәжірибесі, басқарушылық дарыны және халықтың игілігі жолындағы жұмысы Қазақстан Президентін лайықты бедел мен сый-құрметке бөлегенін айтады.

«Сіз елдеріміз бен өңірлеріміздің стратегиялық серіктестігінің дамуына зор үлес қосып келесіз. Қазақстан мен Башқұртстанның көпқырлы ынтымақтастығы, халықтарымыз арасындағы байырғы достық қарым-қатынас алда да қарқынды жалғаса беретініне сенімдімін. Сізге шын жүректен мықты денсаулық, белсенді және ұзақ ғұмыр тілеймін, Қазақстан халқының игілігі үшін барлық жоспарларыңыз бен бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін», – деп жазады автор.

Ресей Федерациясы Пенза облысы губернаторының міндетін атқарушы И.Белозерцев Мемлекет басшысының жемісті жұмысы Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі екенін айтады.

«Сізге тән жоғары кәсіпқойлық, терең білім, керемет ұйымдастырушылық дарын, бай саяси тәжірибе республиканың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қарқынды дамытуға, азаматтарының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізіп келеді. Сізге мықты денсаулық, бақуаттылық, бақыт, барлық ісіңіз бен бастамаларыңызға жаңа табыс тілеймін», – делінген құттықтауда.

ТМД-ның Экономикалық даму іскерлік орталығының бас директоры В.Савченко Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламат өмірлік тәжірибесі мен даналығы егемен мемлекет құрып, Қазақстанды XXI ғасырда өсіп-өркендеу жолына батыл бастауға мүмкіндік бергенін айтқан.

«Сіз істеген ісіңіздің барлығында кемелдікке ұмтыласыз. Сіздің бойыңыз Ұлы даланы әлемдік дамудың қуатты орталығына айналдырып келе жатқан энергияға толы», – деп жазады автор.

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д.Крол Астананың қалыптасуы мен дамуы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген және сындарлы саясатының, елдің игілігі жолындағы қызметінің нәтижесі екенін атап өткен.

Қазақстанның Сербиядағы құрметті консулы М.Карич Нұрсұлтан Назарбаев өзінің нағыз патриотизмі, шебер басшылығы арқылы Қазақстанның мемлекеттілігі мен халқының тарихында елеулі із қалдырғанына тоқталып өткен.

«Президент лауазымындағы қызметіңіз бен соңғы сайлаудағы айқын жеңісіңіз халықтың Сізді қаншалықты жақсы көретінін және Сізге қаншалықты сенетінін айғақтайды», – делінген жеделхатта.

М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың қазақстандық филиалының директоры А.Сидорович бүкіл ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт тіледі және жаңа идеяларының жүзеге асуына ниеттестік білдірді.

«Сіздің көрнекті қызметіңізді бүкіл әлем мойындайды, Ресей мен Қазақстан халқы жоғары бағалайды. Сіздің есіміңіз бен ісіңізге Мәскеу университетінің ұжымы ерекше құрметпен қарайды. ММУ-дың қазақстандық филиалына зор мәртебе бұйырды – ол Сіздің бастамаңызбен құрылды және үнемі қамқорлығыңызды сезініп келеді. ММУ-дың қазақстандық филиалының ұжымы және түлектері арқылы Сіздің игі істеріңіз бен әрекеттеріңіз елдің өсіп-өркендеу үшін еселене түсетініне және Сіздің асқақ мұраттарыңыздың орындалуына қызмет ететініне сенуіңізге болады», – деп жазады автор.

Өзбекстанның Қазақ ұлттық мәдени орталығының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біздің елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына тоқталып өтіпті. Авторлар сондай-ақ қуатты экономика құру үшін жағдай жасауға, мемлекетті одан әрі дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығына да назар аударған.

Жылы лебізді тілектер балғын мектеп оқушыларынан – Павлодар облысынан Т.Солтанғазыдан, Астана қаласынан А.Ахметовадан, Ақтөбе қаласынан Н.Нұрғалиев пен Н.Нұрғалидан, Жамбыл облысынан Н.Амангелдіден келіп түсті.

Мемлекет басшысын өлең жолдарымен Астана қаласынан А.Мұқибек пен Г.Шишов құттықтады.

Өз құттықтауларын Астана қаласынан Б.Шалабаева, Б.Жұмағұлов, 1-ші сыныпты ұшқыш-инженер Н.Ақмұқанов, Р.Шырдабаев, Шымкент қаласынан О.Көшекбаев, сондай-ақ Көкшетау қаласынан бір топ азамат жолдап, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі.

Мемлекет басшысы атына хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің