National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады.

2012 жылғы 28 ақпан
01

И. Тасмағамбетов Президентті елордада қала құрылысы архитектурасы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Қала әкімі Мемлекет басшысын «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мүсінінің және Құрманғазы ескерткішінің үлгі-идеясына арналған республикалық байқаудың нәтижесімен таныстырды.

Қаланың архитектуралық-көркемдік және монументалды айшықталуы жаңа елорданың дамуында елеулі орын алады. Астанада мәдениет, өнер қайраткерлері мен тарихи оқиғаларға ескерткіштер тұрғызылуда.

1932-1933 жылдардағы кеңестік күштеп ұжымдастыру және конфискелеу барысында миллиондаған адамдар қайтыс болды, миллионнан астам отандастарымыз  туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Осы қайғылы оқиғаларды есте сақтау мақсатында елордада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументін орнату туралы ұсыныс енгізілді.

Елордада сондай-ақ қазақ музыкалық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ халқы мәдениетінің ұлы қайраткері,  халық күйшісі және композиторы Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш орнату жоспарланған.

Жобаларды таңдау кезінде негізгі өлшемдер архитектуралық-қала құрылысы шешімінің кешенділігі, нысанның эстетикалық тартымдылығы, көркем бейнеленуі, алаңдардың функционалдық-техникалық және қала құрылысының шарттарын ескеру болмақ.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің