National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамда өткен келіссөздерге қатысты

2015 жылғы 08 шілде

 

Қазақстан Президенті өз сөзінде Н.Модидің сапары еліміз үшін және екі мемлекеттің өзара қарым-қатынасы үшін тарих оқиға екенін айтты.


Біздің елдеріміздің халықаралық күн тәртібіндегі мәселелері ұқсас. Сауда-экономика саласындағы зор әлеует, ғасырлар бойғы достық, мәдени және тарихи байланыстар бізді рухани жағынан жақын халықтарға айналдырды. Қазіргі кезде біз екі елдің игілігі және мемлекеттеріміздің өсіп-өркендеуі үшін әлеуетімізді пайдалана білуіміз қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Мемлекет басшысы үнді халқын және Н.Модиді тағы да оның Премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады, сондай-ақ Үндістанды дамыту үшін жүзеге асыруды көздеп отырған ауқымды бағдарламаларын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министрін Үндістан тарапының ұсынысы бойынша БҰҰ қабылдаған, таяуда өткен Халықаралық йога күнімен де құттықтады. Мемлекет басшысы бұл жайт Үндістан халқының рухани мұрасының барша әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуын білдіретініне тоқталды.

Мемлекет басшысы Н.Модидің сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, оны жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Үндістан Премьер-министрі қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайдағы Қазақстанның қарқынды дамуына назар аударып, мұның сындарлы басқару стратегиясының, ұзақ мерзімге арналған жоспардың көрінісі екенін атап өтті.

 

Бүгінде Қазақстан экономикасы табысты дамыған ел ретінде өркендеп келеді, осының барлығы – орындалуға тиіс міндеттерді жоспарлаудағы Сіздің биік ой-өреңіз бен озық көзқарасыңыздың арқасы. Үндістан үлкен ел болса да, сіздерден біздің үйренетініміз көп, – деді Н.Моди.



  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің