Отырыста әлем мен өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайында Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары пысықталды.
Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Олардың орындалуын бақылау Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктелді.