Кездесуге Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіпов, сондай-ақ ауыл мұғалімдері, жаңашыл педагогтар, педагогикалық және ғылыми мекемелердің басшылары қатысты.
Шара барысында Гүлшара Әбдіқалықова қатысушылардың назарын Нұрсұлтан Назарбаевтың «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген сөзіне аударды. Сонымен қатар ол адами капиталдың сапасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде арттыру білім беру жүйесін жаңғыртудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясындағы осы кезеңінің басты ерекшелігі екеніне тоқталды.
Биыл білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру аяқталады. Осы уақыт ішінде бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты қабылданды, мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру стандарттарының жобалары әзірленді, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың түбегейлі жаңа жүйесі құрылды.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі табысты дамып келеді. Қазіргі уақытта елімізде 8780 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, ал 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 78,6 пайызға дейін жетті.
Еліміздің барлық өңірлерінде балаларды оқытудың және тәрбие берудің жаңашыл инновациялық тәсілдерін табысты енгізіп келе жатқан 19 Назарбаев зияткерлік мектебі құрылып, жұмыс істеуде.
Жалпы және кәсіби техникалық білім беру жүйесінде дуалдық оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. «100 нақты қадамды» іске асыру аясында экономиканың негізгі 6 саласы үшін білікті кадрлар даярлау мақсатында 10 колледж белгіленді.
Республикамызда 125 жоғары оқу орны жұмыс істейді, соның 29 -ы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 252 мамандығы бойынша Халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтті.
Кездесу кезінде Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформаның аясындағы, сондай-ақ педагогтардың мәртебесін көтеруге, ауыл мектептерінің, техникалық білім беру мекемелерінің, ғылыми және педагогикалық ұйымдардың жұмыстарына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Талқылау нәтижесі бойынша Мемлекеттік хатшы құзырлы мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
Кездесу соңында, Г.Әбдіқалықова елдегі барша педагогтарды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақыт және игілік тіледі.