National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Мемлекет басшысы ресми сайтының «Президенттің бизнесті қорғауы» бөліміне келіп түскен кәсіпкерлердің арыздарын қарау нәтижелері туралы

2012 жылғы 26 шілде

 

Бизнес қоғамдастығының заңды құқықтары мен мүдделеріне бақылау-қадағалау және құқық қорғау органдары тарапынан нұқсан келтірген жағдайларды болдырмас үшін www.akorda.kz сайтында ашылған «Президенттің бизнесті қорғауы» атты арнайы бөліміне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында 773 арыз келіп түсті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, арыздардың жалпы саны 526-ға  немесе 40%-ға азайды.

185 шағымда заң бұзушылық нышандары байқалғандықтан, Президент Әкімшілігінің бөлімдері арнайы назарға алып, мемлекеттік органдарға қарауға жіберді.

Арыздардың ішінде кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғаны туралы 87 шағым тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 184-ке  немесе 68%-ға азайды. 65 шағым бойынша (74%)  орталық мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне наразылық білдірілген. Олардың ішінде ең көбі 12  арыз (18%) – Қаржы министрлігі, 10 (16%) – Бас прокуратура, 9 (14%) – Ішкі істер министрлігі,  9 (14%) – Қаржы полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жазылған.

Жергілікті билік органдары қызметкерлерінің тарапынан кәсіпкерлердің құқықтары шектелуіне наразылық білдірген шағымдардың саны – 22 (26%). Оның ішінде 7-і (32%),  – Қарағанды облысы, 3-і (14%) – Астана қаласы, 2-і (9%) –  Маңғыстау облысы, 2-і (9%)  Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктері қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымданғандар.

Кәсіпкерлердің Елбасының атына арыздануының басты себептері – салық заңнамасының бұрмалануы, мемлекеттік сатып алу тендерлерін өткізу барысында орын алған заң бұзушылықтар, мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде орын алған теріс іс-әрекеттер.

Сонымен қатар, тергеу алды тексерістер жүргізу кезінде кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салу, қылмыстық істерді тергеу барысында процессуалдық заңнаманың сақталмауы фактілері бойынша да шағымдар саны азаймай тұр.

Жан-жақты тексеру үшін шағымдардың 71%-ы – Бас прокуратураға, 17%-ы Қаржы министрлігіне жіберілді.

Есептік мерзімде мемлекеттік органдар 77 шағымды қарап, оларға сайт арқылы жауап берді. Оның ішінде 17 шағым қанағаттандырылды. Бір шағым негізсіз деп танылды, қалғандарына түсініктеме беріліп, олардың мәселелері заңмен белгіленген тәртіп бойынша шешілетіні хабарланды.

Мысалы, Қостанай облысындағы бір серіктестік директорының өтініші бойынша, Бас прокуратураның тексеру қорытындылары негізінде серіктестіктердің мүлкіне салынған барлық тыйымдардың күші жойылып, лицензияларына берілген шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар, бұрын қабылданған сот шешімдеріне қадағалау тәртібімен Жоғарғы Сотқа наразылық жіберілді.

Қарағанды қаласының жеке кәсіпкерінің шағымы бойынша, оған бөлінген жер учаскесінің жалға алу мерзімі ұзартылды. Өтініш иесі мәселесінің оң шешілгені үшін Елбасы атына алғысын білдірді.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір серіктестік директорының өтінішін тексеру қорытындылары негізінде, мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында жіберілген заң бұзушылықтар анықталды. Конкурс комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды. Бас прокуратура тарапынан Отырар ауданы әкімінің атына заң бұзушылықтарын, конкурс қорытындыларының күшін жою және кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар, сайтқа келіп түскен кәсіпкерлердің 12 шағымын қарау барысында заңсыздықтарға жол берген құқық қорғау, орталық және жергілікті билік органдарының 14 қызметкері – тәртіптік жазаға, ал 2 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сайттың жұмысын әрі қарай дамыту мақсатында, кәсіпкерлер өтініштерінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын енгізу жұмысы жүргізіліп, биылғы 1 маусымнан бастап осы функционал іске қосылды.

«Президенттің бизнесті қорғауы» бөліміне жіберілген барлық өтініштер жан-жақты, мұқият қаралады. Олардың қорытындысы бойынша мемлекеттік өкілетті органдар тиісті шаралар қолданады.

Бұл бөлімнің жұмыс істеуі Қазақстан кәсіпкерлер қоғамдастығының мүддесі мен заңды құқығын сақтауға оң ықпал етеді.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің