National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

«Асыл бала» республикалық қауымдастығы мүшелерінің Алғыс айту күніне байланысты жолдаған хаты

2016 жылғы 02 наурыз

 

Хатта Нұрсұлтан Назарбаевтың бай тәжірибесі мен мемлекет басшысы ретінде жұмсап келе жатқан күш-жігері арқасында Қазақстанның бүгінде елді әлеуметтік-экономикалық өзгерту тұрғысынан даусыз табыстарға жетіп отырғаны айтылған.

«Алғыс айту күні Сізге рахмет айтуға рұқсат етіңіз. Елімізде дамып келе жатқан қайырымдылық ісіне көрсеткен қолдауыңыз үшін рахмет. Жеке өзіңіз үлгі болып, үнемі халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, әсіресе балаларға көмек көрсетуге шақыратыныңыз үшін рахмет», – деп жазады авторлар.

Мемлекет басшысына «Асыл бала» республикалық қауымдастығының мүшелері «Мейірім акциясына» жеке заттарын бергені үшін де алғыс айтқан.

«Барлық тапсырылған қаражаттар «Ғұмыр үшін» жобасын жүзеге асыруға бағытталады, оның мақсаты – онкологиялық дертке шалдыққан балаларды диагностикалау мен емдеудегі әлемдік медицина ғылымының заманауи жетістіктеріне, баған жасушалардың халықаралық банкіне қазақстандық балалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету», – делінген хатта.

Соңында авторлар Нұрсұлтан Назарбаевқа және елімізге Отанымыздың келешегі үшін барлық игі мақсаттарға жетіп, татулықпен өркендей беруімізге  тілектес екендерін жеткізген.

«Біз мейірімділік, сүйіспеншілік және қазақстандық қайырымдылықтың жалпыға ортақ күні ретінде қабылдауға болатын Алғыс айту күнін мерекелеу  ізгі де игі дәстүрге айналады деп үміттенеміз», – деп атап өтілген хатта.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің