National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының табысты өтуіне байланысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Тамаш Аяннан келген хат

2014 жылғы 11 желтоқсан

 

Автор өзінің хатында Алматыда өткен чемпионат осы жарыс түрінің тарихындағы ең табысты турнир болғанын атап өткен.

Соған орай ол Мемлекет басшысына, Үкімет мүшелеріне және спорт қайраткерлеріне аталған жарысты лайықты деңгейде ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлінгені үшін ризашылығын білдіреді.

IWF президенті сондай-ақ Қазақстан атлеттері жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айта отырып, жалпы бұл турнир нәтижелері бүкіл әлемде зор резонанс тудырғанына тоқталады.

Сонымен қатар хатта Алматыда халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы конгресі өткені, оның барысында Федерацияның 109 жылдық тарихында маңызды мәнге ие болған шешімдер қабылданғаны айтылады.

Соңында Т.Аян ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Алматының кандидатурасын ілгерілетуге  септігін тигізгеніне назар аударған. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің