Мемлекет басшысы ауыр қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтты. Жеделхатта Б.Жылысбаевтың Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, бүкіл еңбек жолын осы өнер ордасымен байланыстырғаны атап өтілген. «Ол өзінің жанға жағымды тенор дауысымен қазақ және шетел композиторларының шығармаларын шебер орындап, жұртшылықты ән өнерінің нәрімен сусындата білді», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Б.Жылысбаевтың консерватория профессоры және кафедра меңгерушісі ретінде көптеген лайықты ізбасарларын даярлағаны айтылған. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтіліп, Қазақ КСР Халық әртісі құрметті атағы берілген. Нұрсұлтан Назарбаев әншінің шығармашылық мұрасы қазақстандықтардың әлі талай буынын шынайы өнердің шаттығына бөлей беретініне сенім білдірді.