Қазақстан Президенті өз құттықтауында біздің еліміз бен Латвияның достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасы болашақта екі халықтың игілігі, татулығы мен тұрақтылығы үшін нығая беретініне сенім білдірген. Нұрсұлтан Назарбаев Р.Вейониске мықты денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тіледі.