Көңіл айту жеделхатында Е.Примаковтың қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле қабылдағаны атап өтілген. «Евгений Максимович мемлекеттік және саяси қайраткер, Ресей қоғамы мен халықаралық деңгейде зор беделге ие ғалым болатын. Ол өзінің бітімгерлік қызметімен көптеген елдерде шынайы құрметке бөленді», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Е.Примаковтың барша туыстары мен жақындарына көңіл айтты.